top of page

Каталогтар еліне саяхат. Путешествие в страну каталогов.

№ 25 ЖББМ ММ 4 сынып оқушыларына «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Каталогтар еліне саяхат» кітапханалық сабағы өткізілді.

Шара басында кітапханашы кітаптар мен кітапханалардың құрылу тарихы, Отырар кітапханасы, Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде Отырар тұрғындарының сирек кездесетін және құнды кітаптарды қалай құтқарғаны туралы айтып берді. Балаларды кітапханадан қажетті ақпаратты іздеудің негізгі құралдарымен, атап айтқанда каталогтармен, картотекалармен және өлкетану картотекасымен таныстырды, өйткені олар кітап әлемін оқырманға ашады. Балалар «Каталог», «Картотека» ұғымдарымен танысты. Сонымен қатар олар каталог карточканың қандай маңызды рөл атқаратынын білді. Балалар келесі тапсырмаларды орындай отырып, олармен жұмыс істеуді үйренуге тырысты: «Алфавиттік каталогтың көмегімен кітапханада осы кітаптың бар – жоғын анықтау», «Жүйелі түрде белгілі бір тақырыптар бойынша кітаптарды таңдау» және т. б.

В библиотеке-филиал «Узкоколейный» проведен библиотечный урок «Путешествие в страну каталогов» для учащихся 4 класса ГУ ООШ № 25.

В начале мероприятия библиотекарь рассказала об истории создания книг и библиотек, об Отырарской библиотеке, о том, как жители Отырара спасали редкие и ценные книги во время нашествия Чингисхана. Познакомила ребят с основными средствами поиска необходимой информации в библиотеке, а именно с каталогами, картотеками и с краеведческой картотекой, так как именно они раскрывают читателю книжный мир. Ребята познакомились с понятиями «каталог», «картотека». А также они узнали, какую важную роль выполняет каталожная карточка. Дети с большим удовольствием старались обучиться работе с ними, выполняя следующие задания: «С помощью алфавитного каталога определить, есть ли данная книга в библиотеке», «С помощью систематического – подобрать по определённым темам книги» и т.п.



 
 
 

Comments


Пока нет событий

kisspng-drawing-book-reading-5acf964325f

ГУ «Централизованная библиотечная система отдела культуры

и развития языков акимата города Костаная»   

Библиотека-филиал «Узкоколейный»

kisspng-drawing-book-reading-5acf964325f

Мы в соц. сетях 

  • YouTube
  • Pinterest Social Icon
bottom of page