top of page

Мен оқимын, отбасым да оқиды. Читаю я, читает вся семья.

«Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Үздік оқымпаз отбасы» жобасы аясында «Мен оқимын, отбасым да оқиды» атты отбасылық байқау өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, балалар мен аға буын өкілдерін кітап оқуға тарту, отбасылық оқу дәстүрін жаңғырту.

Байқауға Инжеевтер жанұясы, Омельченко жанұясы және Ахатовтар жанұясы қатысты. Әрбір отбасы жеке команда құрды. Байқауды оқырмандар арасынан таңдалған қазылар алқасы бағалады. Қатысушылар іс-шараның бірінші бөлімінде жасырылған жұмбақтардың шешімін тауып, ертегілердің атауларын атады. Байқаудың «Мен бәрін білемін» кезеңінде командалар берілген тапсырма бойынша шығармалардың атауын тапты. Байқаудың келесі кезеңінде ата-аналар балаларының қызығушылықтары туралы сауалнама толтырды. Жас өрендер өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, ертегілер оқыды. Қазылар алқасы барлық командалар тапсырмаларды жоғары деңгейде орындағанын жеткізді.

Байқау аясында «Қызыңыз бен ұлыңызға кітап оқып беріңіз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шара соңына қарай барлық балаларға сыйлықтар табысталды. Кітапханашы жиналған қауымды кітап оқуға шақырды.


В рамках проекта «Лучшая читающая семья» в библиотеке-филиале «Узкоколейный» прошёл семейный конкурс «Читаю я, читает вся семья». Мероприятие было проведено с целью организации совместного досуга детей и родителей, приобщения детей и взрослых к чтению книг, возрождения традиций семейного чтения.

В мероприятии приняли участие три семьи: семья Инжеевых, семья Омельченко, и семья Ахатовых. Каждая семья представляла отдельную команду. Оценивали конкурс жюри из числа читателей. Мероприятие началось с конкурса загадок, где участники должны были вспомнить названия сказок. В следующем конкурсе «Всезнайка» команды получили карточки с заданием, где нужно было отгадать о каком произведении идет речь. На сколько, родители хорошо знают, своих детей можно было узнать из анкеты, предложенной библиотекарем в завершении конкурса. Также дети рассказывали о своих любимых книжках и читали сказки. При подведении итогов жюри было единогласно во мнении: все семейные команды с честью справились с заданиями.

В конце мероприятия все дети получили подарки. Библиотекарь призвала развивать свой интеллект, кругозор, стараться читать каждый день.

К мероприятию была подготовлена книжная выставка «Прочитайте книжки дочке и сынишке».






 
 
 

Comentarios


Пока нет событий
kisspng-drawing-book-reading-5acf964325f

ГУ «Централизованная библиотечная система отдела культуры

и развития языков акимата города Костаная»   

Библиотека-филиал «Узкоколейный»

kisspng-drawing-book-reading-5acf964325f

Мы в соц. сетях 

  • YouTube
  • Pinterest Social Icon
bottom of page