Қазақ халқының көрнекті ағартушысы. Выдающийся просветитель казахского народа.
- ostrovfilial11
- 15 янв. 2021 г.
- 2 мин. чтения
Құрметті оқырмандар! Биыл қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог, этнограф, фольклортанушы, ақын, аудармашы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл. Осы атаулы күнге байланысты «Узкоколейный» кітапхана-филиалында «Қазақ халқының көрнекті ағартушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады: «Қазақ халқының көрнекті ағартушысы», «Ыбырай Алтынсарин шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы», «Ыбырай Алтынсариннің өмірі барлық уақытқа үлгі».
«Ел мүддесі – ерлер еншісі» ғылыми еңбектерінде автор Тілепов Жұмат ақындар мен басқа да белгілі тұлғалардың, оның ішінде Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын зерттейді. Қ. Т. Жұмағұловтың «Ыбырай Алтынсарин және қазақ халқының мәдениетінің дамуы» кітабында Алтынсарин шығармашылығына талдау мен баға беріледі, Алтынсариннің қазақ халқын ағартудағы, оны озық демократиялық орыс мәдениетімен таныстырудағы тарихи еңбегі көрсетілді. Сондай-ақ, қазақ жазушысы Морис Симашконың «Қоңырау» романынан сіздер қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы біле аласыздар.
Құрметті оқырмандар! Сізді көрмеде ұсынылған осы және басқа да басылымдармен танысуға шақырамыз.
Уважаемые читатели! В этом году исполняется 180 лет со дня рождения выдающегося казахского просветителя, педагога, этнографа, фольклориста, поэта, прозаика, переводчика Ибрая Алтынсарина. В связи с этой юбилейной датой в библиотеке-филиал «Узкоколейный» оформлена книжная выставка «Выдающийся просветитель казахского народа».
Книжная выставка состоит из трех разделов: «Выдающийся просветитель казахского народа», «Значение творчества Ибрая Алтынсарина в истории казахской литературы», «Жизнь Ибрая Алтынсарина – пример на все времена».
В научных трудах «Ел мүддесі – ерлер еншісі» автор Тілепов Жұмат изучает творчество поэтов и других известных личностей, в том числе и Ибрая Алтынсарина. Книга Джумагулова К. Т. «Ибрай Алтынсарин и развитие культуры казахского народа» даёт анализ и оценку творчества Алтынсарина, показана историческая заслуга Алтынсарина в просвещении казахского народа, в приобщении его к передовой демократической русской культуре. Также из романа казахстанского писателя Мориса Симашко «Колокол» можно узнать о жизни и деятельности казахского просветителя Ибрая Алтынсарина.
Уважаемые читатели! Приглашаем вас ознакомиться с этими и другими изданиями, представленными на выставке.

Comments