Қазақстан халқының тұрақтылығы, бейбітшілігі және ұлтаралық келісімі
- ostrovfilial11
- 15 янв. 2021 г.
- 1 мин. чтения
«Узкоколейный» кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан халқының тұрақтылығы, бейбітшілігі және ұлтаралық келісімі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл кітап көрмесі үш бөлімге бөлінген. Кітаптар көрмесінің «Қазақстан халқының тұрақтылығы, бейбітшілігі және ұлтаралық келісімі» бірінші бөлімінде 1986 жылғы желтоқсандағы Қазақстандағы драмалық оқиғаларды баяндайтын кітаптар қойылған. Сондай-ақ, қазақ халқының демократиялық бостандығын іздеген Алаш қозғалысының қызметі туралы әдебиеттер ұсынылған.
«Тұңғыш Көшбасшы және Тәуелсіз Қазақстан» екінші бөлімінде Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қызметі туралы кітаптармен танысуға болады.
Үшінші бөлімде «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» Отанымыздың астанасы – Нұр-Сұлтан туралы, оның қалыптасу және даму тарихы туралы «Стратегия - 2050» бағдарламалық құжаты туралы кітаптар ұсынылған. Мұнда, Қазақстан Республикасында тұратын 125 ұлттың өкілдері туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылған.
Құрметті оқырмандар! Сізді осы және басқа да басылымдармен танысуға шақырамыз.
Стабильность, миролюбие и межнациональное согласие народа Казахстана
В библиотеке-филиале «Узкоколейный» оформлена книжная выставка «Стабильность, миролюбие и межнациональное согласие народа Казахстана», посвящённая 30-летию Независимости РК.
Данная книжная выставка состоит из трёх разделов. В первом разделе книжной выставки «Стабильность, миролюбие и межнациональное согласие народа Казахстана», представлены книги расказывающие драматические события декабря 1986 года в Казахстане. Также представлена литература о деятельности движения Алаш, добивавшегося демократической свободы казахского народа.
Во втором разделе книжной выставки «Первый Лидер и Независимый Казахстан» можно ознакомиться с книгами о политической деятельности Нурсултана Назарбаева.
В третьем разделе «Казахстан – наш общий дом» представлены книги о столице нашей родины – Нур-Султане, истории ее становления и развития, раскрыт программный документ «Стратегия – 2050». Здесь же представлена литература, которая расскажет о представителях 125 национальностей, проживающих в Республике Казахстан.
Уважаемые читатели! Приглашаем вас ознакомиться с этими и другими изданиями, представленными на выставке.

Comments